Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№49 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 42-67-68
Есепші бөлімі::
+7(7222) 42-67-69
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№49 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №49"

03
февраль
2020

Неделя ЕЦ

Жаратылыстану циклы пәндері бірлестігі

Химия, биология және география пәндері апталығы туралы ақпарат.


            Химия, биология және география пәндері апталығы мектепте 11.11.2019-15.11.2019 аралығында өткізілді. 

 Апталықтың мақсаты – оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, күнделікті өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
 Алдын ала апталықтың жоспары ӘБ отырысында қарастырылып, директордың бұйрығымен жоспар жасалынды. Апталықтың жоспары мектептің фойесіндегі хабарландыру тақтасы мен мектептің әр бөліміне таратылды. Құрылған жоспар бойынша барлық сыныптар қамтылып, пән мұғалімдері бір ашық сабақ пен сынаптан іс-шара өткізді

 Күні

Өтілетін іс-шара

Өтетін орны, уақыты

Қатысушы сыныптар

Жауапты мұғалімдер

1

11.11.2019


Апталықтың ашылуы.

Лездеме

сағ.7.45

5-10 сыныптар

Бірлестік жетекшісі

Пән мұғалімдері

Открытый урок «Исследование форменных элементов крови различных организмов». Лабораторная работа

301 кабинет

8.00-8.40

1 урок

8 «В» класс

Учитель биологии 

Курмангожинова М.К.

2

12.11.2019

«Иммунитет. Иммунитеттің түрлері: туа пайда болған және жүре пайда болған иммунитет» Ашық сабақ

223 кабинет

8.45-9.25

2 сабақ

8 «Б» сынып

Биология пәні мұғалімі А.С.Жумабекова 

«Географиялық ассорти»

Интелектуалдық сайыс

223 кабинет

14:30

7 сыныптар

География пәні мұғалімдері

3

13.11.2019

«Қазақстанның климаттық жағдайы» 

Ашық сабақ

223 кабинет

6 сабақ

12.05-12.45

9 «Б» сынып

География пәні мұғалімі 

Ж.А. Кулыбекова

4

14.11.2019

«Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару» 

Ашық сабақ

300 кабинет

3 сабақ

9.40-10.20

8 «Г» сынып

Химия пәні мұғалімі

М.С.Уаков 

«Табиғат жұмбақтары» Интеллектуалдық сайыс

Холл 3 этаж

14.00

6 сыныптар

Биология пәні мұғалімдері

5

15.11.2019

«Ауа райы және метеорологиялық элементтер»

Ашық сабақ

301 кабинет

1 сабақ

8.00-8.40

7 «А» сынып

География пәні мұғалімі

Ерболатов Ә.Е.

«Қызық екен» 

Интеллектуалдық ойын

201 кабинет

14.00

9-11 сыныптар

Химия пәні мұғалімі

Уаков М.С.


А.С.Жумабекова 8 «Б» сыныбына биологиядан ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: Иммунитет. Иммунитеттің  түрлері: туа пайда болған және жүре пайда болған. Екпенің (вакцина) түрлері және оның жасанды иммунитетті  қалыптастырудағы маңызы.

Сабақтың мақсаты: Аурудың алдын алудағы вакцинацияның рөлін бағалау. Сабақ басында оқушылар «Мозаика» әдісі арқылы топқа бөлінді.Үй жұмысын «миға шабуыл» әдісі арқылы сұрады. 2 тапсырма топтық жұмыс. «Конверттегі сұрақ» әдісі бойынша оқушыларға берілген сұрақтарды оқи отырып, постер құрады. Сабақ бойы орындалуға арналған материалдың көлемі  оқушылардың орындай алу мүмкіндігіне сай ойластырылған.

3 тапсырмада  «Серпілген сауал» әдісі қолданылды. Оқушыларға деңгейлік сұрақтар қойылды. Оқушыларға тапсырмаларды орындау барысында мұғалімнің тарапынан қолдау көрсетіліп отырды. Оқу мақсаттары  дұрыс қойылған, оқушылардың барлығы оқу мақсаттарына қол жеткізді. Сабақтың уақыттық кезеңі сақталды.

Ж.А.Кулыбекова 9 «Б» сыныбында «Қазақстанның климаттық жағдайы» ашық сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушылар Қазақстанның климаттық жағдайларын сипаттап, ерекшеліктерін түсіндіреді және өз аймағы бойынша климатограмма сызып,талдау жасайды. Сабақта мұғалім түрлі жаңа технологияларды пайдаланды. Сабақта топтық жұмыс, картамен жұмыс болды. Сабақтың құрылымы жақсы ұйымдастырылған, оқушылар сабақта өз білімдерін көрсете білді.

Ерболатов Ә.Е. 7 А сыныбында «Ауа райы және метеорологиялық элементтер» атты ашық сабақты өткізді. Сабақтың мақсаты: Температура қысым, жел, жауын-шашын, ылғалдылық, метеорологиялық элементтерін түсініп, құрал жабдықтарды қолдана алу.

Сабақ басында оқушыларға суретте әр түрлі құрал жабдықтар беріледі, ол жабдықтар мен нені өлшейді, сол бойынша 3-топқа бөлінді. Жас маман болса да мұғалім өз сабағында түрлі әдіс-тәсілдер пайдалана отырып, оқушыларға толыққанды жаңа тақырыпты түсіндіре алды. Сабақ өз деңгейіне сай өтті, мұғалім өз мақсатына жетті.

Курмангожинова М.К. 7 «Г» орыс сыныбында «Исследование форменных элементов крови различных организмов» атты ашық сабақ өткізді. Зертханалық жұмыс өткізді.

Цели урока: исследовать особенности строения форменных элементов крови различных организмов по готовым микропрепаратам.

Сабақта жаңа технологиялар қолданылды. Интербелсенді тақтадан презентация мен видеокөрсетілім көрсетілді. Сабақта оқушылар зертханалық жұмыс жасады, дарынды оқушылармен жұмыс ретінде шығармашылық тапсырмалар да орындалды. Өткізілген сабақ құрылымы сабақ түрімен сәйкес келеді.

Уаков М.С. 8 «Г» сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Авогадро заңы. Молярлық көлем». Сабақтың мақсаты: 8.1.1.1 химияда заттардың тең массасына қарағанда, «атомдардың тең санына» қол жеткізу маңызды екенін түсіну. 8.1.1.2 «өлшеу арқылы есептеу» принципін түсіну. 8.1.1.3 зат мөлшерінің өлшем бірлігі –моль екендігін білу. Пәнаралық байланыс ағылшын тілі. Сабақта қолданылған әдіс– тәсілдер: Графикалық диктант, Смайликтер арқылы бағалау, пирамида әдісі, екі жұлдыз бір тілек, бос орындағы сөздерді табу.

5-11 сыныптар араларында химия, биология, география пәндерінен сыныптан тыс шаралар өткізілді. Іс -шаралардың мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту. Пәндермен байланысты көптеген бейнекөріністер қолданылды. Апталықта өткен шаралар туралы ақпарат мектептің инстаграмм парақшасында жарияланды.

Қорытынды: 

Апталықта жоспарланған іс-шараларға белсенділік танытып, қатысқан оқушылар мадақтамалармен мадақталды.

Қорыта айтқанда, апталықтың  бекітілген жұмыс жоспарындағы барлық іс-шаралар мен сабақтар мазмұнды, мағыналы, сапалы өтті.

Ұсыныстар:

1. Жас мамандар тәжірибелі мұғалімдердің сабағына қатысып, тәжірибе алмассын.

2. Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жандандырылсын


ӘБ жетекшісі Кулыбекова Ж.А.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Семей қаласы, Ұшақтар 1а

©2016-2025, Ресми сайт Семей қаласы білім бөлімінің "№49 жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722