2021-2022 оқу жылында жасалған шығармашылық топ жұмыстар есебі
2021-2022 оқу жылында мектептегі шығармашылық топ құрамында 13 адам бар. Олардың барлығы 1,2,3-деңгейлі, сертификаттары бар ұстаздар. 1-деңгейлі 2 ұстаз, 2-деңгейлі 4 ұстаз, 3-деңгейлі 7 ұстаз бар.
Тақырыбы: «Оқушылардың заманауи құзыреттіліктерін қалыптастырудың ресурсы ретінде STEM білім беруді мектеп кеңістігіне интеграциялау»
Мақсаты: Мектептегі мұғалімдерге тәжірибелерін өзгертуге, дамуы мен кәсіби өсуіне көмектесу.
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер тәжірибелерін өзгерту қажет екендігін түсінуге, оқу үдерістеріне оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді енгізуге, сыныптағы басқарушылық пен көшбасшылықты орнатуғағ білім беру жүйесінің өзгерістерін бір-біріне түсіндіруге дайын болады.
Тамыз айында шығармашылық топтың жұмыс жоспары құрылып, бекітілді.
№ | Өткізілетін іс-шараның тақырыбы | Мақсаты | Мерзімі | Өткізу формасы | Өтілетін мекеме | Жауапты | Қатысушылар |
қыркүйек | |||||||
1 | Әдебиеттік оқу пәні арқылы оқушыларды халықаралық "PIRLS" жобасына дайындау әдістері. | Әдебиеттік оқу пәні арқылы оқушыларды халықаралық "PIRLS" жобасына дайындау әдістерін түсіндіру | қыркүйек | семинар | №49 ЖОББМ | Шоқпарбаева МҚ, Марал Төкенқызы, Ахметкалиева БН. | Барлық мұғалімдер |
қараша | |||||||
2 | Дарынды балаларға білім берудің жаңа мазмұны, жаңа педагогикалық технологиялар, STEM білім | Дарынды балаларға білім берудің жаңа мазмұны, жаңа педагогикалық технологияларды меңгерту | қараша | коучинг | №49 ЖОББМ | Сертификатталған мұғалімдер Кумпеисова Г.Б. | Барлық мұғалімдер |
қаңтар | |||||||
3 | "Үздік авторлық бағдарлама» конкурсы | Үздік авторлық бағдарламаларды анықтау | қаңтар | конкурс | №49 ЖОББМ | Сертификатталған мұғалімдер Садыбекова С.Ж. | Барлық мұғалімдер |
наурыз | |||||||
6 | STEM білім арқылы заманауи сабақты жоспарлау | Мұғалімдер жаңа технологияны қолдану арқылы заманауи сабақты жоспарлауды үйрену. Мақсат қою, белсенді оқу ортасын құруды меңгеру | наурыз | коучинг | №49 ЖОББМ | Ахметкалиева Б.Н. Скакова БЭ | Барлық мұғалімдер |
сәуір | |||||||
7 | Тілдік мақсат. Жаңа технологиялардың тиімділігі. | Іс тәжірбие алмасу | сәуір | Шебер сынып | №49 ЖОББМ | Сертификатталған мұғалімдер Кәкім СК Уаков М.С. | Бастауыш сынып бірлестігі |
мамыр | |||||||
8 | Lesson Study - нәтижелері | Зерттеу нәтижелерін жинақтау | мамыр | Әдістеме,есеп | №49 ЖОББМ | Толенова Э.Т. | Мектеп ұстаздары |
Осы жоспарға сай барлық жұмыс жүргізілді. Мәселен, қыркүйек айында «Әдебиеттік оқу пәні арқылы оқушыларды халықаралық "PIRLS" жобасына дайындау әдістері» атты тәжірибемен бөлісу семинары өтті. Мақсаты: Әдебиеттік оқу пәні арқылы оқушыларды халықаралық "PIRLS" жобасына дайындау әдістерін түсіндіру.Жауапты мұғалімдер: Шоқпарбаева МҚ, Марал Төкенқызы, Ахметкалиева БН.өткізді.
Қараша айында «Дарынды балаларға білім берудің жаңа мазмұны, жаңа педагогикалық технологиялар, STEM білім» коучинг өтті. Мақсаты: Дарынды балаларға білім берудің жаңа мазмұны, жаңа педагогикалық технологияларды меңгерту. Семинарды Сертификатталған мұғалімдер Кумпеисова Г.Б.өткізді.
Қаңтар айында "Үздік авторлық бағдарлама» конкурсы болды. Мектептің ұстаздары қатысты. Мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздарды анықтап, іс-тәжірибелерімен бөлісу. Үздік авторлық бағдарламаларды анықтау.
Бағалануы:
1. Сыртқы бетінде жұмыс тақырыбы, жұмыс иесінің аты-жөні, тегі жазылуы;
2. Түсінік хат. Атауы, бағыты және жұмыс деңгейі (мақсаты, тапсырмалар,бағытталуы). Мазмұны; маңыздылығы; ғылымилығы;жұмыстың толық нұсқасы; қолданылған әдебиеттері.
3. Бағдарлама құрылымы мен мазмұны жағынан орта білім беру саласындағы оқу бағдарламасымен сәйкес келуі.
4. Оқушылардың жеке қабілетін дамытуға бағытталуы, оның интеллектуалды эмоционалды кеңістігіне, коммуникативті қабілеті мен әлеуметтік бейімделуіне сәйкес келуі.
5. Жүйелілік талаптарға сай болуы.
6. ҚР-ның заңына сәйкес этикалық нормалардың болуы, психологиялық-педагогикалық негізінің болуы.
7. Басты дидактикалық құралдар мен материалдармен, сондай-ақ оны жүзеге асырудағы әдістемелік ұсыныстармен қамтамасыз етілуі.
Жеңімпаздар мынандай мектепішілік марапаттауларға ие болады:
«Үздік авторлық бағдарлама»
- «Үздік әдістемелік құрал»
- «Үлгілі авторлық бағдарлама»
- «Үлгілі әдістемелік құрал»
- «Шығармашыл ұстаз»
Конкурс сарапшылары:
- Мектеп директоры: Токтубаева Г.Т.
- Директордың орынбасары: Ракишев Ж. К.
- Директордың орынбасары: Аманжолова С.С.
- Директордың орынбасары: Сахаритова А.С.
- Директордың орынбасары: Курманов Н.Д.
Жауапты мұғалімдер:
шығармашылық топ жетекшісі: Ахметкалиева Б.Н. (87474700873)
Сертификатталған ұстаз: Садыбекова С.Ж. (87083702608)
Нәтижесінде Рахимжанова Арайлым Мақсұтқызы ағылшын пәнінің ұстазы «Practical course of English» атты авторлық бағдарламасы бас жүлде алды. Сол бағдарлама қалалық конкурсқа өтті. Қалалық конкурстан жүлделі 2 орын иеленді. Ал, басқа да ұстаздар 1,2,3 орынды мектеп ішінде бөлісті.
Наурыз айында «STEM білім арқылы заманауи сабақты жоспарлау» атты коучинг өтті. Мақсаты: Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдерді жинақтау. Өз іс-тәжірибелерімен ұстаздар бөлісіп , бейнежазбаларын ұсынды. Мысалы, даярлық топ ұстаздар, бастауыш сынып ұстаздары Кадиркешова К, Ахметкалиева Б., тарих пән мұғалімі Скакова Б. өз бейнежазбаларын ұсынды.
Мамыр айында бастауыш сынып ұстазы Төленова Эльмира «Lesson Study - нәтижелері» тақырыбында халықаралық семинарда өз іс-тәжірибесімен бөлісіп қайтты.
Қорытынды: Ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, өз білімдерін де, оқушы жетістіктерін де арттыруда. Алдағы оқу жылында да жақсы жетістіктерге жетуге талпынады.
Ұсыныс: Алдағы оқу жылында ұстаздар шығармашылық жеке жұмыстарын облыс, республика көлемінде таратса.