Республикалық науқан аясында атты дөңгелек үстел өтті.

<<Бала құқығы - адам құқығы>> Республикалық науқан аясында <<Қатыгездік пен зорлық зомбылықсыз балалық шақ>> атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Оқушыларға қатыгездік, зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және оған қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, әдепті, тәртіпті тұлға болуға тәрбиелеу.
Дөңгелек үстелге мектеп психологы Жансая Болатовна мен мектеп медбикесі Мадина Жандарбекқызы қатысты, оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қатысқандар: мектептің <<Адал ұрпақ>> ерікті мектеп клубының мүшелері және 8-9 сынып оқушылары

Түсіндірме жұмыстар өтті.

08.11.2022 «N49 ЖОББМ»КММ-нде Семей қаласы, Әуезов полиция бөлімінің аға лейтенанты Оралбекова Р.С. құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 8-11 сынып оқушыларымен кездесіп түсіндірме жұмыстарын және Семей қаласының Жастар денсаулық орталығының “Жас Асыл” ұйымының медицина психологы Брел Лаура Маратовна мектебіміздің 7-11 сынып қыздарымен кездесіп, электронды шылымның адам денсаулығына зиянды екені туралы әңгіме жүргізді.

Республикалық пәндік олимпиаданың мектепішілік кезеңінің ашылу салтанаты өтті

2022 жылдың 12 қарашасында 49 ЖОББМ Республикалық пәндік олимпиаданың мектепішілік кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Олимпиада ҚР әнұранын орындаумен басталды. Білім додасына келген оқушыларға мектеп директоры Г.Т.Токтубаева сәттілік тіледі. " Үздік аттестатқа" үміткер 11-сынып оқушысы Беркутова Назерке олимпиада алауын жақты. 
  Білім тұлпарына мінген мектебіміздің мақтаныштарына мектепішілік олимпиададан жоғары нәтиже алып, қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларға жолдама алуларына тілектеспіз.

Тоғызқұмалақтан Абай облыстық біріншілігі

Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Семей қаласы бойынша №2 Абай облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған жарыста мектебіміздің оқушылары жақсы ойын көрсетіп мынадай нәтижелерге ие болды. Оспанов Айбар 11-12 жас аралығындағы 1-орын. Ерболқызы Жұлдыз 3-орын. 13-14 жас аралығында Жұмабай Бексұлтан 3-орын. 9-10 жас аралығында Жүкен Ислам. Турлыбаев Қайсар 3 - орын.

“Жас ұлан” бірыңғай балалар ұйымына қабылдау рәсімі

25 қазан - Республика күніне орай мектебімізде “Жас ұлан” бірыңғай балалар ұйымына қабылдау рәсімі өтті. В школе состоялось торжественная линейка посвященное ко дню Республики Казахстан по приему учащихся в ряды единой детско-юношеской организации “Жас Ұлан”.