«№ 49 ЖОББМ» КММ «Үздік педагог-2025» мектепішілік байқау басталды.

Мақсаты: "Үздік педагог" мектепішілік байқауы қоғамдағы мұғалімнің беделі мен мәртебесін арттыру, білім берудегі инновацияларды дамыту."

  Өтінім береген ұстаздар:
1.Кадирова Гулим Бакыткановна  бастауыш  сынып 
2.Берикканов Рай Ержанович  математика пәні 
3.Зайтов Айдос  Рифхатович  дене шынықтыру пәні 
4.Шевнина Олеся Сергеевна шет тілі 
5.Науханбекова Балауса Даулетбековна  бастауыш  сынып


      12.02.2025 жылы 1 кезең өтілді.
Эссе жазу.
Тақырып таңдап  500 (бес жүз) сөзден аспайтын эссе жазу:
- "Мұғалім-асыл мамандық", 
- "Қазіргі заманғы тәрбие құндылықтарының өзекті мәселелері",
- "Педагогикалық менеджмент білім беру жүйесіндегі сапалы өзгерістердің шарты ретінде", 
   Эссені бағалау критерийлері: 
- тақырыпты ашуға бағытталған шығармашылық көзқарас; 
- қорытындыларды тұжырымдай білу және өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізе білу.

             
Қатысушы ұстаздарға  сәттілік тілейміз!
             Конкурс ұйымдастыру комитеті.


“Геодезия картография және құрылыс жоғары колледжіне” экскурсия ұйымдастырылды

⚜️2025 жылдың 23 қаңтар күні кәсіби бағдар беру жұмысы аясында “Геодезия картография және құрылыс жоғары колледжіне” экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға кәсіби бағдар беруші педагог А.Ж Матымбаева және 9 сынып оқушылары қамтылды. Экскурсияның мақсаты: мамандыққа баулу, болашақта мамандықты дұрыс таңдауға көмек көрсету.

9-11 сыныптар арасында өткізілген «Сынып ішін безендіру» сайысы бойынша марапаттар табысталды.

⚜️Жаңа жыл мерекесіне орай ұйымдастырылған 9-11 сыныптар арасында өткізілген «Сынып ішін безендіру» сайысы бойынша марапаттар табысталды.
Ең үздік безендіру деп таңылып🏆Бас жүлде- 9«В» сыныбы марапатталды

“ДАРЫНДЫҒА ДАРХАН ЖОЛ”

23.12.2024 жылы “ДАРЫНДЫҒА ДАРХАН ЖОЛ” Абай облысы әкімінің дарынды балалармен кездесуіне “Жас барлаушы” клубының мүшесі 11”А” сынып оқушысы Болатов Жарас қатысып сыйлық сертификатымен марапатталды.
Жетекшісі: АӘТД оқытушы - ұйымдастырушысы А.А.Токтыбаев

«Читающая школа»

⚜️В рамках проекта «Читающая школа» 19 ноября в библиотеке КГУ «СОШ №49» для учащихся проведен библиотечный урок и оформлена книжная выставка
по программе воспитания «Біртұтас тәрбие»
Цель: дать представление о таком понятии, как «справедливость и ответственность»;
развивать культуру общения; формировать привычку жить по нормам социального общения.

⚜️«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 19 қараша күні «№49 орта мектеп» КММ кітапханасында оқушыларға кітапханалық сабақ өтіп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.
«Біртұтас тәрбие» білім беру бағдарламасы бойынша
Мақсаты: «Әділет пен жауапкершілік» сияқты ұғымдар туралы түсінік беру;
қарым-қатынас мәдениетін дамыту; әлеуметтік қарым-қатынас нормалары бойынша өмір сүру әдетін қалыптастыру.