“Үздік сынып жетекші-2024" қалалық кезеңінде №49 ЖОББМ ұстазы lll орын.
БІРІНШІ СЫНЫПҚА БЕРУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ 31 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ
🖇 Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың өтініші бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізді.
🧑🏫 Егер бұрын бірінші сыныпқа қабылдау мерзімі сәуірдің 1-нен тамыздың 1-не дейін жүзеге асырылса, енді баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау күнтізбелік ағымдағы жылдың сәуірдің 1-і мен тамыздың 31-і аралығында өтеді.
🔁 Тек демалыс кезінде ғана мектептен мектепке ауысуға шектеу алынды. Осылайша, жаңа ережелерге сәйкес, балаларды тұрғылықты жері бойынша оқу жылы ішінде мектептен мектепке ауыстыру мүмкіндігі бар.
📆 Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау кезеңі тамыздың 25-і аяқталуына байланысты білім алушылардың өтініштерін оныншы сыныпқа қабылдау мерзімі тамыздың 15-нен тамыздың 31-не өзгертілді. Колледжге қабылданбаған білім алушылар мектептің 10-11 сыныптарында оқуын кедергісіз жалғастыра алады.
ЕҚБ бар оқушыны жалпы мектепте инклюзивті оқытуды ұйымдастыру формасы
«Бекітемін»
Абай облысы Семей қаласының
білім бөлімінің "№49 ЖОББМ " КММ
директоры
_____________________
Токтубаева Г.Т.
ІС-ШАРАЛАР БАҒДАРЛАМАСЫ / ПРОГРАММА МЕРОПРИЯТИЙ
Өткізу күні / Дата проведения 31.01.2024
Тақырыбы / Тема ЕҚБ бар оқушыны жалпы мектепте инклюзивті оқытуды ұйымдастыру формасы/ Форма организации инклюзивного обучения учащихся с ООП в общеобразовательной школе
Мақсаты / Цель Инклюзивті білім беру түсінігін ашу, ерекеше қажеттілігі бар балаларға білім беруде мұғалімнің ролін анықтау./ Раскрыть понятие инклюзивного образования, определить роль учителя в образовании детей с особыми потребностями Міндеті / Задачи
Инклюзивті білім беру бойынша мұғалімдердің білімін жетілдіру;/ Проведение мониторинга учебных достижений учащихся в ходе подготовительной работы;
Инклюзивті білім берудің маңыздылығын түсіндіру;/ И разъяснение важности инклюзивного образования;
Инклюзивті оқытудың артықшылықтарын ашып көрсету;/ И раскрывать преимущества инклюзивного обучения;
Күтілетін нәтижелері / Ожидаемые результаты
Оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту;/ Изменить учебную программу и учебную программу
Оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту;/ Изменение методов оценки результатов обучения;
Оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарын, жеке оқу материалдарын таңдау;/ Подбор учебников, учебно-методических пособий, индивидуальных учебных материалов;
Оқыту формасын таңдау;/ Выбор формы обучения;
Өткізу уақыты / Время проведения 11.00- 13.00
Өтетін орны / Место проведения "Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің № 49 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ/ КГУ "Средняя общеобразовательная школа №49" отдела образования города Семей управления образования области Абай
Тыңдаушылар санаты / Категория слушателей -
Қатысушылар саны / Количество участников -
Жауапты куратор / Ответственный куратор : С.Рахатқызы – оқу ісінің меңгерушісі; А.А.Рамазанова- психолог; Д.А.Рысбаева – психолог; Әлеуметтік педагог- Д.С. Оразбаева, пән мұғалімдері
Уақыты / Время | Сағат саны / Количество часов | Мазмұны / Содержание | Жауапты оқытушылар / Ответственные преподаватели |
1100 – 1103 | 3 мин | Тіркелу/ Регистрация | Бастауыш сынып мұғалімдері\ Учителя начальных классов |
1103– 1105 | 5 мин | Семинардың ашылуы Семинарға қатысушыларға кіріспе сөз / Открытие семинара Вступительное слово участникам семинара | С.Рахатқызы – оқу ісінің меңгерушісі |
1105-1110 | 5 мин | Психологиялық ахуал | А.А.Рамазанова- психолог; Д.А.Рысбаева – психолог |
1110-1115 | 5 мин | «Ой ашар»/ «Мозгового штурма» Ұсынылған бейнежазба арқылы қатысушылар өз ойларын білдіреді./ С помощью представленного видео участники выражают свои мысли. | Оразбаева Д.С. |
1115-1135 | 20 мин | ,, Актуальные вопросы психолого- педагогического сопровождения детей с ООП в организациях образования,,/ . Білім беру ұйымдарында ЕҚБ бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың өзекті мәселелері,, | социальный педагог КГУ,,, ПМПК в г.Семей,, УО области Абай Изотова Ирина Анатольевна |
1145-1150 | 5 мин | Сергіту сәті/ Физкультминутка «Саңырау бейне фон»/ «Глухой видео фон» | А.А.Рамазанова- психолог; Д.А.Рысбаева – психолог |
1150-1210 | 20 мин | Білім беру ұйымдарында ЕҚБ бар балаларға арналған Жеке оқу бағдарламаларын жасау /Составление индивидуальных учебных программ для детей с ООП в организациях образования | КГУ,,, ПМПК в г.Семей,, УО области Абай дефектолог Лукьянов Татьяна Геннадьевна |
1210-1220 | 10 мин | Қорытындылау / Подведение итогов. Рефлексия | С.Рахатқызы – оқу ісінің меңгерушісі |
Директордың орынбасары Рахатқызы С.
21 желтоқсан 2023 Бұйрық №1099
"Көкірегімде жыр сәулесі маздайды"
№49 "ЖОББМ" КММ-де 05.01.2024 жылы Педагогикалық кеңес өткізілді
05.01.2024 жылы Педагогикалық кеңес өткізілді.
Күн тәртібінде:
1.Қазіргі заманда отбасы құндылықтарын бала бойына сіңірудің маңыздылығы.2. І жартыжылдықтағы оқу үдерісінің мониторингі.
3.Мектеп асханасында оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі. Көпбалалы, аз қамтылған оқушыларға көрсетілген әлеуметтік көмек түрлері.
4.Буллинг, кибербуллинг түрлері және алдын алу бойынша сынып жетекшілерге кеңес.
5.Әр түрлі мәселелер.
калалык "Айбын" таңдалмалы әскери - спорттык сайысы
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫСТА 10 КҮН ДЕМАЛАДЫ
☃️Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының қысқы демалысын және бос уақытын тиімді, әрі тұлғалық дамыту мақсатында мектепішілік қысқы каникул іс-шараларының жоспарын әзірлеуде «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» негізге алуды ұсынады.
📌Мектепішілік іс-шара жоспарына:🔹ғылыми жоба жұмыстары мазмұны туралы ақпараттық-танымдық сабақтар ұйымдастыруда жоғары сынып оқушылары мен ата-аналар бірлесе ЖОО-ның оқытушыларымен кездесу, ғылыми жоба туралы сұхбат жүргізу;
🔹«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Үнемі оқитын адам – табысты адам» тақырыбында оқырмандармен кездесу, оқыған кітаптары туралы талқылау;
🔹«Ұлттық мектеп лигасы» жобасы негізінде білім алушылардың денсаулығы мен әл-ауқатын нығайтуда білім ұйымдарымен бірлесе «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» спорттық ойындар өткізу;
🔹«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында «Мен оқыған бір ертегі», «Парасаттылық туралы» тақырыптарында білім алушылармен әңгімелесу;
🔹«Ата-аналар мектебі» жобасын орындауда «Қыз намысы – ұлт намысы», «Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен», «Отбасылық таланттар» тақырыптарында ата-аналар жиналыстарын өткізу;
🔹Құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру ұсынылады.
📁Атап өтейік, аталған іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жіберіледі.
Primeminister.kz редакциясы 2023 жылды Қазақстанның түрлі салалардағы даму нәтижелері
Primeminister.kz редакциясы 2023 жылды Қазақстанның түрлі салалардағы даму нәтижелері туралы материалдар сериясымен қорытындылауды жалғастырады.
📌Бүгінгі шолуда білім беру саласы туралы әңгіме қозғалады. Қазіргі уақытта республикада Мемлекет басшысының барлық деңгейдегі білім беру саласын нығайту жөніндегі бірқатар маңызды бастамалары іске асырылуда.

🏫Биыл ел бойынша 137 мың оқушыға арналған 165 мектеп пайдалануға берілді. Осылайша, 12 апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын 29 мектеп бойынша мәселе шешілді.
⚒️ 210 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
🏗️«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 461 мың оқушыға арналған 217 мектептің құрылысы басталды (екі ауысымда).
✅ Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры құрылған сәттен бастап арнайы шотқа 151,9 млрд теңге түсті.
🟢Нәтижесінде жалпы сомасы 96,5 млрд теңгеге 76,7 мың оқушыға арналған 62 мектептің құрылысы қаржыландырылды. Биылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 28,6 мың оқушыға арналған 17 мектеп пайдалануға берілді.
🍽️ 1 қыркүйектен бастап 1,6 млн бала тегін ыстық тамақпен қамтылды.
✅ Биылғы қаңтар айында мұғалімдердің жалақысы тағы 25%-ға өсті.
✅ Қыркүйек айынан бастап 98 мыңға жуық тәрбиешінің жалақысы 30%-ға артты.
👨🎓 2023 жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 88 мыңнан астам грант бөлінді.
👨🎓 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы 20%-ға өсіп, 41 898 теңгеге (педагогикалық ғылымдар – 67 200 теңгеге) жетті, магистранттар мен докторанттар шәкіртақылары 15%-ға өсіп, тиісінше 97 024 және 217 500 теңгеге көтерілді.
👨🎓 Колледж студенттерінің стипендиясы 50%-ға көтерілді.
🛏️ Биыл 5,9 мың орынға арналған 25 студенттер жатақханасы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 5 мың орындық тағы 19 жатақхана ашу жоспарланып отыр.
🎓 Қазақстанда жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жұмыстары жалғасуда.
🔗Толығырақ primeminister.kz сайтында.









