Primeminister.kz редакциясы 2023 жылды Қазақстанның түрлі салалардағы даму нәтижелері


Primeminister.kz редакциясы 2023 жылды Қазақстанның түрлі салалардағы даму нәтижелері туралы материалдар сериясымен қорытындылауды жалғастырады.
📌Бүгінгі шолуда білім беру саласы туралы әңгіме қозғалады. Қазіргі уақытта республикада Мемлекет басшысының барлық деңгейдегі білім беру саласын нығайту жөніндегі бірқатар маңызды бастамалары іске асырылуда.

🏫Биыл ел бойынша 137 мың оқушыға арналған 165 мектеп пайдалануға берілді. Осылайша, 12 апатты жағдайдағы және үш ауысымда оқытатын 29 мектеп бойынша мәселе шешілді.

⚒️ 210 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

🏗️«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 461 мың оқушыға арналған 217 мектептің құрылысы басталды (екі ауысымда).

✅ Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры құрылған сәттен бастап арнайы шотқа 151,9 млрд теңге түсті. 

🟢Нәтижесінде жалпы сомасы 96,5 млрд теңгеге 76,7 мың оқушыға арналған 62 мектептің құрылысы қаржыландырылды. Биылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 28,6 мың оқушыға арналған 17 мектеп пайдалануға берілді.

🍽️ 1 қыркүйектен бастап 1,6 млн бала тегін ыстық тамақпен қамтылды.

✅ Биылғы қаңтар айында мұғалімдердің жалақысы тағы 25%-ға өсті.

✅ Қыркүйек айынан бастап 98 мыңға жуық тәрбиешінің жалақысы 30%-ға артты.

👨‍🎓 2023 жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 88 мыңнан астам грант бөлінді.

👨‍🎓 1 қыркүйектен бастап студенттердің шәкіртақысы 20%-ға өсіп, 41 898 теңгеге (педагогикалық ғылымдар – 67 200 теңгеге) жетті, магистранттар мен докторанттар шәкіртақылары 15%-ға өсіп, тиісінше 97 024 және 217 500 теңгеге көтерілді.

👨‍🎓 Колледж студенттерінің стипендиясы 50%-ға көтерілді.

🛏️ Биыл 5,9 мың орынға арналған 25 студенттер жатақханасы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 5 мың орындық тағы 19 жатақхана ашу жоспарланып отыр.

🎓 Қазақстанда жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жұмыстары жалғасуда.

🔗Толығырақ primeminister.kz сайтында.

"Жас сарбаз" әскери - патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері арасында шахматтан "JAS SARBAZ CHESS CUP" облыстық турнир өтті

14.12.2023 жыл "Жас сарбаз" әскери - патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері арасында шахматтан "JAS SARBAZ CHESS CUP" облыстық турнирінде Тұрсынбаева Дана Жеңісқызы I-орын иеленіп Республика деңгейіне жолдама алды.

"Жас сарбаз" әскери - патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері арасында шахматтан "JAS SARBAZ CHESS CUP" қалалық турнир өтті

11.12.2023 жыл "Жас сарбаз" әскери - патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері арасында шахматтан "JAS SARBAZ CHESS CUP" қалалық турнирінде Тұрсынбаева Дана I-орын иеленді.

№49 ЖОББМ" КММ конкурстық комиссияның шешімі

Қазақ және тілінде оқытатын сыныптарда"Ағылшын тілі" мұғалімі лауазымына конкурстық комиссияның шешімі

Ғани Бейсембаев министрлікте өткен аппарат отырысында балалардың сапалы тамақтануын қамтамасыз етуді және қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды:


«Балалардың қауіпсіздігіне тек мемлекеттік органдар ғана емес, әрбір азамат, әрбір жеке кәсіпкер жауапкершілікпен қарауы тиіс. Тек осылай ғана біз балаларымыз үшін жайлы және қауіпсіз орта жасай аламыз. Қазір білім ошақтарындағы қауіпсіздікті күшейту және тамақтануды ұйымдастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Сондықтан, әсіресе кәсіп иелері осыны түсініп, үлкен жауапкершілікпен қараса екен деймін» 

"Соғыстың бізге жеткен жаңғырығы"

2023 жылдың 17 қарашасында "№49 ЖОББМ" КММ-де Семей қаласы арлагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен 1941 жылы, Ұлы Отан соғысы кезінде Семей қаласында құрылған 238 гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлері қаза тапқан Москва түбінен, Тула облысы, Алексин қаласынан әкелінген қасиетті топырақты "Соғыстың бізге жеткен жаңғырығы" эстафетасы аясында табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға қатысқан ардагерлер кеңесінің мүшелері:
Бердикенов Кенжебай Кусманович-қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Игимбаева Татьяна Жекеновна-қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары
Байболова Кульшаризат Дюсембековна-қалалық ардагерлер кеңесі президиумның мүшесі
Калиакпаров Шаймардан Акмардан Акмарович-қалалық ардагерлер кеңесі президиумының мүшесі, запастағы поковник
Осьмаков Юрий Павлович-Ішкі саясат бөлімі, спорттық тәрбие жөніндегі басшысының орынбасары
Байкадиев Суйеубай Байкадиевич-ТВК-6 директорының кеңесшісі, Ардагерлер кеңесінің баспасөз орталығының басшысы
Нұрқасым Кусмилия Жыргаұлы-тарихи-мәдени білім беру комиссиясының төрағасы
Килыбаев Маулет Акимбаевич-қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ардагерлер ұйымының төрағасы
Досхан Турсынғасы-домбырашы, сазгер
Салатанатты шарада сөз сөйлеген ардагерлеріміз мектеп оқушыларына өз өсиеттерін айтып, ақыл-кеңестерін жеткізді.

"ЛИДЕР-ПЕДАГОГ- 2023"

Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясымен ұйымдастырылған Республикалық "ЛИДЕР-ПЕДАГОГ- 2023" портфолио конкурсының жеңімпазы,бастауыш сынып мұғалімі Кадиркешова Куралай Есимхановна. 

"Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығының жұмыс

49 жалпы орта білім беретін мектебінде "Ата-аналарды педагогикалық қолдау" орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 1-4 сынып ата-аналарымен "Баланы-жастан..." атты тренинг-сабақ өтті. Мақсаты: Ата-аналарға балаларды ұстамдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, оқу іс-әрекетіне жұмылдыру жолдарын көрсету, бала тәрбиесінің жоғарылауына ықпал ету.
Өткізгендер: Мектеп психологы Рамазанова А.А және сынып жетекшілер: Қайрбекова Д.К, Кәкім С.К, Төленова Э.С, Ожыканова Д.Б
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы
#Ата-аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы_Абай_облысы

№49 ЖОББМ" КММ конкурстық комиссияның шешімі

Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын сыныптарда"Дене шынықтыру" мұғалімі лауазымына конкурстық комиссияның шешімі



Решение конкурсной комиссии на должность учителя «Физической культуры» в классах сказахским ирусским языком обучения

Cеминар для учителей математики «Методы решения задач математической грамотности при подготовке к МОДО», организованный АО «НЦПК «Өрлеу».

КГУ «СОШ№49» отдела образования города Семей управления образования области Абай прошел областной семинар для учителей математики «Методы  решения задач математической грамотности при подготовке к МОДО», организованный АО «НЦПК «Өрлеу».
Цель: Совершенствование методического уровня учителей математики для решения актуальных задач при подготовке к МОДО, в обучении математической грамотности и определении рациональных путей повышения качества образования.В данном  семинаре, помимо школ города Семей, приняли участие  педагоги  Жарминского, Бескарагайского, Бородулихинского, Абайского районов. Во время проведения работы семинара велась онлайн-трансляция. Регистрация участников  проводилась через "QR код".
При открытии семинара заместитель директора по учебно-воспитательной работе Ракишев Ж. К. проинформировал о мониторинге образовательных достижений, а также ознакомил с формой проведения семинара и ходом работы. 
Далее с приветственной речью выступила руководитель АО «НЦПК» Өрлеу» по области Абай Искакова Р. Н.
При работе секций старший преподаватель кафедры физико-математических наук и информатики НАО «Университет имени Шакарима» Тайболдина Қ. Р. со студентами четвертого курса Абилькаировой Дианой, Иманқалиевой Айым, а также  учителя математики КГУ "СОШ № 49"  Берикканов Р. Е, Аскерханов Е. С, Жеңісқанов Ж. Е, Калмакпаева Б. С, Абдрахманова А. А, Назарбекова А. С, Мұхаметсадық Н. Қ, Ақантаева А. А показали мастер-классы с использованием современных технологий и ресурсов. Были продемонстрированы   эффективные подходы при решении задач, использование лайфхаков, а также использование различных мобильных приложений и плат типа Prezi, Padlet. Мастер-классы проводились на государственном и русском языке. 
В заключительной части семинара показал свое выступление школьный оркестр.
Директор КГУ «СОШ № 49» Токтубаева Г. Т. выразила благодарность педагогам принявшим участие в данном семинаре и ознакомила с работой клубов.
Участники семинара дали высокую оценку организации семинара и выразили свою благодарность. Вся информация и фотографии, использованные на семинаре, были переданы всем участникам семинара через GoogleDisk.