22
январь
2019
"Ұстазым менің, ұстазым..." ұстаздар мерекесі
Ұстаз - ұлы есім. Ұстазсыз шәкірт тұл. Ұстаздар мейрамы деп елімізде қазан айында белгіленген. Бұл мереке №49 мектепте алғаш рет тойланды. Мектеп мұғалімдерін құттықтауда оқушылармен қатар, ата-аналар да белсенділік танытты. "Жас Ұлан" бірыңғай балалар ұйымы таңертең ұстаздарды жүрекжарды тілектерімен қарсы алды. Музыка пәні мұғалімі- Нурпейсова Орынгүл Серіковна оқушылармен концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Мектебіміздің "Асыл әжелер" клубы мүшелері де ұстаздарды атаулы күндерімен құттықтап, жұмыстарымызға сәттілік тіледі.

