
"№49 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ-де "Отбасы - бақыт мекені" тақырыбында апталық өтті. Апталық салтанатты лездемемен ашылып, "Менің отбасым" көрмесімен жалғасын тапты. Бастауыш сыныптарда "Мен және отбасым" қызықты эстафеталық ойыны өткізілді. Оқушылар, ата-аналар арасында семинарлар, жиналыстар болды.