Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№49 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 42-67-68
Есепші бөлімі::
+7(7222) 42-67-69
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№49 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №49"

» » «ЖАС ҰЛАН» ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАНАТЫН ОҚУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
31
январь
2020

«ЖАС ҰЛАН» ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАНАТЫН ОҚУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Ұйымға қабылдау жылына 3 рет : 1 -мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні;

                                                                 6-шілде - "Жас ұлан" құрылған күні;

                                                                 16- желтоқсан - Тәуелсіздік күні.

Жүзеге асырушылары: 6-9 жас - Жас қыран, 10-16 жас - Жас ұлан, мектеп басшылығы, ұйым жетекшісі, класс жетекшілер, ата - аналар.

"Жас ұлан" ұйымының бағыттары

Парасат, 

Таным, 

Ұлт рухы,

Тал бесік,

Жігер,

Жеті Жарғы,

Еңбек.


"Жас ұлан" ұйымына қабылданушының анты:

            Біз,Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйының қатарына кіре отырып, Отанымыз - Қазақстан Республикасының патриоты, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,дәріптеуге, Туған еліміз,жеріміз,Отанымызды мақтаныш етуге,ата-анамызды қадірлеуге, үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетуге, білімге табандылықпен ұмтылуға, салауатты өмір салтын ұстануға,табиғатты аялауға, "Жас ұлан" ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымыздан талап етуге, біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге /АНТ етеміз!/

Басқару құрылымы:

Ұйым жетекшісі - Мектеп Ұланбасы - Топ Ұланбасы - Топ қыранбасы - Класс Ұланбасы - Класс Қыранбасы - бөлімдер бойынша жауаптылар

Ұйым жұмысынан күтілетін нәтиже:

            Қоғамдағы өзгеріске бейімделген, әлеуметтік жеке тұлғаны қалыптастыру, қоғамдағы бірлестіктің ғылыми - әдістемелік қызметін жандандыру.Тәрбиелік - оқыту бағдарламасын тиянақты өткізу, ұйым жұмыстарын БАҚ арқылы кеңінен насихаттау.

"Жас ұлан" ұйымының жұмыстарын жүзеге асыру барысында ерекше жеке жетістіктері үшін оқушылар мадақталады(грамоталар, дипломдар,лагерьге жолдама, "Жас ұлан" Алтын кітабына ену)

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Семей қаласы, Ұшақтар 1а

©2016-2025, Ресми сайт Семей қаласы білім бөлімінің "№49 жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722