22
январь
2019
Тұңғыш Президент күні
1 желтоқсан "№49 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ үшін атаулы мереке. Бұл күні мектебімізде екі мейрам бірдей тойланады: "Тұңғыш Президент күні" және "Мектептің туған күні". "№49 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ 2017 жылдың 1 желтоқсанында ашылған болатын. 2018-2019 оқу жылында мектебімізге 1 жыл толды. Соған орай 1 желтоқсан күні мерекелік бағдарлама өтті. Іс-шара екі кезеңнен құралды. І салтанатты бөлім: Үздік оқушылар бірыңғай "Жас Ұлан" ұйымына қабылданып, құттықтаулар, жүрекжарды тілектер айтылды. ІІ бөлім - "Екі жұлдыз" сайысымен жалғасын тапты. Сайысқа ата-аналар мен оқушылар мектеп мұғалімдері қатысты.