Апталық есебі
2021-2022 оқу жылындағы 11.10.2021- 15.10.2021 аралығында өткен
жаратылыстану пәндері бірлестігі апталығының қорытындысы
Апталықтың мақсаты: химия, биология, география сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талданды және бекітілді.
Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, викториналар, сыныптан тыс іс-шаралар.
11 қараша күні апталықтың ашылуы болды, және мектептің 3 қабат фойесінде «Күздің сыйлары» атты көрменің ашылуы болды. Санитарлық талаптарға сәйкес жоспар постер түрінде шығарылып, әрбір сыныпқа жеке таратылды.
Алдын-ала бекітілген жоспар бойынша әдістемелік бірлестік мұғалімдері оффлайн режимінде түрлі сипаттағы іс-шаралар өткізді. Химия пәні мұғалімі М.С.Уаков 9-шы сыныптар арасында «Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалдық ойынын, география пәні мұғалімі Ерболатов Ә.Е. 7 сыныптар арасында «Жас географ» интеллектуалдық ойынын, География пәні мұғалімі Кусаинова Ж.А 10-11 сыныптар арасында «Дарындылар додасы» онлайн-олимпиадасын өткізді. Барлық өткізілген іс-шаралар адамзаттың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оқушыларды табиғатты аялауға, қорғауға шақыру мақсатын ұстанды. Өткізілген іс-шара ойдағыдай өтті, оқушылар белсене қатысты. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың өзіндік ой өрісін дамытуға, білімге қызығушылығын арттыруға үйретеді; оларды өз беттерінше жаңа ғылымның жетістіктерін үйренуге жетелейді. Бос уақыттарын дұрыс пайдалануға талпындырады, шығармашылық қабілеттерін арттырады.
Сонымен қатар, жаратылыстану пәндері мғалімдерінің әдістемелік бірлестігіндегі әр мұғалім өздерінің кезекті ашық сабақтарын өткізді.
12 қараша күні биология пәні мұғалімі Жумабекова А.С., 5 «В» сынып оқушыларымен «Материктер мен мұхиттар» ашық сабағын өткізді. Сабаққа бірлестік мұғалімдері, математика пәні мұғалімдері, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Аманжолова С.С. қатысты. Сабақ жоғары деңгейде өтті, алдына қойылған мақсаттарға жетті.
13 қараша күні биология пәні мұғалімі Курмангожинова М.К 7 «А» сыныппен «Жасуша – ағза құрылысының негізгі бөлшегі» атты ашық сабағын өткізді. Оқушылар сабақ барысында белсенді, мұқият, жұмыс істеуде қабілетті болды.
14 қараша күні биология пәні мұғалімі Шарифоллина С.К. 9 «Б» сыныппен «Ыдырау үдерістері. Ас қорыту ферменттерінің әсері» атты ашық сабақ өткізді. Сабақта мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып сабақ мақсатына жетті. Оқушылардың белсенділігі мен өздік жұмыс жасай алатындықтары әр түрлі тапсырмалар мен сұрақтардың нәтижесінде көрініп отырды.
15 қараша күні география пәні мұғалімі Ерболатов Ә.Е 9 «А» сыныппен «Қазақстанның қатпарлы аймағындағы таулар» ашық сабағын өткізді.
Қорытынды: Жалпы жоспарланған іс-шаралар өз деңгейінде уақытынды өтті. Соңғы күні апталықтың қорытындысы өткізілді. Сайыстардың жеңімпаздары арнайы грамоталармен,сыйлықтармен марапатталды.
Ұсыныс: Оқушылардың апталық аясында өтетін шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз ету мақсатында қызықты шаралар ұйымдастыру. Сынып жетекшілермен тығыз байланыста болу.
Жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жетекшісі: Кусаинова Ж.А.
Қосымшалар:
9-шы сыныптар арасында «Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалдық ойыны.
Химия пәні мұғалімі Уаков М.С.
9 «А» сынып, «Қазақстанның қатпарлы аймағындағы таулар» ашық сабағы
География пәні мұғалімі Ерболатов Ә.Е.
9 «Б» сынып, «Ыдырау үдерістері. Ас қорыту ферменттерінің әсері» ашық сабағы
Биология пәні мұғалімі Шарифоллина С.К.
5 «В» сынып, «Материктер мен мұхиттар» ашық сабағы
Биология пәні мұғалімі Жумабекова А.С.
7 «А» сынып, «Жасуша – ағза құрылысының негізгі бөлшегі» ашық сабағы.
Биология пәні мұғалімі Курмангожинова М.К
![]() | ![]() |
![]() | ![]() |
5 сыныптар арасында өткен «Күз сыйлары» көрмесі





