1сыныпқа қабылдау
ҚҰМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
«№49жалпы орта білім беретін мектеп» КММсі 1-сыныпқа, ата-аналардан немесе балалардың заңды өкілдерінен құжаттар қабылдау ағымдағы жылдың 1 маусымынан 30 тамызға дейін жүргізіледі. 1-сыныпқа қабылдау VKO.DDO.KZ порталы арқылы іске асырылады (өтінішті үйден электронды сандық қол арқылы жолдауға болады (ЭЦП).
1-сыныпқа өтініш беруде көрсетілген құжаттардың сканерленген көшірмелерін жүйеге бекіту қажет:
1) баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш (электронды түрде);
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
4) 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
5) 3х4 см көлеміндегі фото
Назар аударыңыздар!
Барлық құжаттардың тек қана жақсы оқылатын көшірмелерін жүктеу қажет. Дұрыс емес (оқылмайтын) құжаттарды салған жағдайда, Сіздің өтінішіңіз мақұлданбайды.
- Білім беру ұйымына қабылдау туралы өтініш мақұлданбаған жағдайда, өтініш беруші өтінімді қайтадан бере алады;
- Егер мектепке қабылдауға өтінім берілсе және өтінім қарастыруда болса, өтінішті қайтадан беру мүмкіндігі болмайды;
- Мектепке қабылдау туралы жауапты алған жағдайда, мектепке құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажет.