Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№49 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 42-67-68
Есепші бөлімі::
+7(7222) 42-67-69
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№49 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №49"

31
январь
2020

Кеңестер

Ата-аналарға арналған кеңестер

1. Балаңызбен мектепке бару мен білім алудың маңыздылығын талқылаңыз. Бұл өте маңызды.

2. Балаңыздан күнделікті оқу күні қалай өткенін сұрап тұрыңыз. Баланың оқу күні туралы ештеңені бүкпей айтатынына 

көз жеткізіңіз.

3. Балаға үй тапсырмасын және қандай да бір өзі орындау керек жобаның берілген, берілмегенін сұраңыз.

4. Балаңызға ешқандай тапсырма берілмесе, оның 30минут  уақытын қайталау, жаттығу жұмыстарына жұмсауын қадағалаңыз.

5. Баламен бірге отырып, оның қандай да бір жетістіктерін талқылаңыз. Қажет болса, оның қандай да бір жағымсыз   

іс-әрекеттеріне шектеу жасаңыз.

6. Жақсы іс-әрекеттерін мақтаңыз. Тек қана жағымсыз әрекеттерін айта бермеңіз.

7. Балаңыз емтиханды нашар тапсырса да, оған демеу болатын сөздер айтыңыз.

8. Балаңыздың мектепте үлгерімі нашар болатын болса, оған қосымша көмек көрсетуге  үйде дайындауға мұғалім шақыртыңыз.

9. Баланың мұғалімімен оған  қандай да бір көмек көрсететін альтернативті  көмектер сұрап сөйлесіңіз.

10. Ең бастысы баланың үлгерімі мен  тәртібі туралы хабардар етіп отыратын адам- мұғалімімен әрқашанда байланыста болыңыз.

11. Баланың алдына нақтылы мақсаттар қоюына көмектесіңіз: неге қол жеткізу керек, қандай білім алу керек.

12. Баланың сол мақсатына жету уақытын бірлесе белгілеп алыңыз.

13. Мүмкіндігінше бала  білім алудың нақтылы неге қажеттігін білу керек.(Маған мұны  білудің қажеті қанша, өмірде оны қалай пайдаланамын)

14. Оқу үрдісі кезіндегі  баланың нәтижелерін уақытылы қадағалап отырыңыз.

15. Баланы мадақтаудың әдісін ойлап табыңыз (бүкіл отбасының алдында мақтау). Оған мотивация болатындай баланың нақтылы іс-әрекетін мақтаңыз.

16. Жасөспірімге үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз. Жақсы сөз айтып, кеңестер беріп отырыңыз.

17. Мектепте жаңа білім алуына ынталандырыңыз.

18. Жасөспірімдер топтасып, бір-бірімен араласа жүріп, бірлесе жұмыс істейтін болғандықтан, білім алу да солай іске асуы керек. Баланың жағымды әрекетін талқылаңыз. Оның оқу пәндеріне қатысты пікірін сұраңыз.

19. Баланың  оқудағы нәтижелерін басқа сыныптастарының нәтижесімен салыстырмаңыз.

20. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес, ортақ іс екенін ұмытпаңыз

21.      Балаңыздың үлгерімі үшін алған бағасын өзіңіздің  жазалау немесе мақтау  жүйесі есебінде қолданбаңыз

22.      Сіздің балаңыз үлгерімі үшін алған жақсы бағаны  мақтау ретінде, нашар бағаны жаза ретінде есептеуі тиіс. Егер балаңыздың үлгерімі жақсы болса, өзіңіздің қуанышыңызды көрсетіңіз, кейде бұл үшін кішігірім мерекелер де ұйымдастыруға болады. Бірақта өзіңіздің қамқорлығыңызды мектепте барлығы ойдағыдай болмаған жағдай да көрсетіңіз. Ата-ана үшін баға емес, баланың алған білімі маңызды екенін түсіндіріңіз. Сондықтан да балаңызға білімнің қашан және не үшін керек екендігін түсіндіріңіз.



Похожие публикации:

17 январь 2020 План МО МИФ
13 ноябрь 2018 Отбасы күні
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Семей қаласы, Ұшақтар 1а

©2016-2025, Ресми сайт Семей қаласы білім бөлімінің "№49 жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722