Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№49 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 42-67-68
Есепші бөлімі::
+7(7222) 42-67-69
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№49 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №49"

» » Мектеп Парламенті есебі
02
июнь
2022

Мектеп Парламенті есебі

Мектеп Парламенті қызметі туралы 

ЕСЕП

2021-2022 оқу жылы

«№49 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

 


«Жас қыран» мүшелерінің саны

«Жас ұлан» мүшелерінің саны

«Жас Ұлан» ББЖҰ

Мүшелерінің жалпы саны

Ұланбасының аты-жөні

Тәлімгердің

аты-жөні

1

285

320

15

Оралбекова Дильназ

Ахметжанова Альмира Кабдырахмановна



Мектеп парламентінің фракцияларындағы оқушылар саны

Олардың ішінде оқушылары:


Оқыту тілдері бойынша:


Педагогикалық кеңестердегі, қамқоршылық кеңестердегі мектеп парламенті өкілдерінің саны


Мектеп Парламенті Президентінің аты-жөні

Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы жетекшісінің аты-жөні

225

5 сынып-35

6 сынып-50

7 сынып-25

8 сынып-45

9 сынып-35

10 сынып-15

11 сынып -10

қазақ сыныптарында-210

орыс сыныптарында-15

0

Болатқызы Дильназ

Ахметжанова Альмира Кабдырахмановна


              «№49 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нде Мектеп Парламенті 2021-2022 оқу жылының қыркүйек айында құрылды. Жоспар 8 фракция бойынша құрылды : Патриотизм «Жас Ұлан» ұйымы, Қамқорлық «Жылы жүрек»,  «Адал ұрпақ» еріктілер клубы,  Құқық және тәртіп «Тарлан» ЖЖИ, «Парасаттылық мектебі» клубы, Ақпарат фракциясы «Белсенді24», Спорт және салауатты өмір салты фракциясы, Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы «Мейірім» клубы, Дебат қозғалысының фракциясы, Көркем шығармашылық клубтар,  Экология және еңбек «Жасыл Ел» клубы. Әр фракция бойынша жетекшілер бекітілген (тарих мұғалімдері, дене шынықтыру мұғалімдері, биология мұғалімдері, психологтар,музыка пән мұғалімдері, тәлімгер).  Өткізілген іс-шаралар бойынша барлық ақпараттар фракциялар парақшалары мен мектеп сайтына салынып отырады. Мектеп белсенді оқушыларының парақшасы: https://www.instagram.com/belsendi49/, «Адал ұрпақ» фракциясының парақшасы: https://www.instagram.com/adal_yrpaq_club/ , «Мейірім» фракциясының парақшасы: https://www.instagram.com/psychological49school/  

 

            Қыркүйек айында Мектеп Парламентінің Президентін сайлау өтті. Сайлау үш кезеңнен өтті. Үміткерлер сайлау комиссиясының сұрақтарына жауап беріп, дайындап келген сайлауалды бағдарламаларын қорғады. «Мен Президент болсам...» видеопрезентация жасады. Кандидаттардың бағдарламалары мектеп сайттарына, дәліздегі теледидарға қойылып, постерлары ілінді.

 

            Әр сыныпта сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, агитациялық жұмыстар жүргізілді. 22.09.2021 жылы Мектеп Президенті сайлауы өтті. Сайлауда 40 пайызбен 8-сынып оқушысы Болатқызы Дильназ жеңді. 

 



            27.09.2021ж. Мектеп Парламенті мен тәрбие ісінің меңгерушісінің қатысуымен Мектеп Президентін ұлықтау рәсімі өтті.

 

            Қыркүйек айында ЖЖИ «Тарлан»  «Жүргізушіге хат» акциясын өткізді. Мектеп оқушылары жүргізушілерге хат жазып автожүргізушілер мен мектеп автобус жүргізушілеріне таратты.

 

            Мұғалімдер күніне орай 28.09-01.10.2021 аралығында апталық өтті. Ұстаз мәртебесін арттыру мақсатында апталық «Ең үздік мұғалім»   оқушылар арасындағы сауалнамамен басталды. Сауалнама қорытындысы бойынша мұғалімдерге дипломдар таратылды. Сыныптар арасында "Мұғалімге тосын сый" ашық сабақтары өтті.30.09 Ұстаздар күніне орай ең ерекше құттықтауларға арналған бейнероликтер мектеп инстаграм  парақшасына жүктелді. Қорытындысы айтылды. 

     30 қыркүйек Мектеп Парламенті  зейнеткер ұстаз Азельханова Күмісай Омарбековнаны екі бірдей мейраммен құттықтап барды.

 

        "Жалын" жас мамандар "Ұстаздық жолын таңдау себебім..." тақырыбында видеосұхбат дайындап, мектеп сайттарына салынды. 01.10. 11-сынып оқушыларының өзін-өзі басқару күні өтті. Оқушылар 5.6.7-сыныптарға сабақ өткізді, ұстаздарға мерекелік концерт ұйымдастырды. Мектеп Парламенті мұғалімдерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында мектеп дәлізін, акт залын сәндеп, таңертең жалынды тілектерімен ұстаздарды қарсы алды.

 

            Мектеп Парламенті «Жас Ұлан» ұйымы қазан айында 1-5 сыныптар арасында «Күздік қиял» тақырыбында оқушылар арасында қолөнер көрме байқауын өткізді. Көрмеге мектебіміздің 163 оқушысы қатысты. Оқушылардың барлығы Мектеп Парламентінің дипломдарымен марапатталды.  

          16.10.2021 жылы «Пайдалы интернет» апталығында Мектеп Парламенті интернетті дұрыс пайдалану бойынша нұсқаулықтар таратты. 

            Қараша айында «Тарлан» ЖЖИ «Жолда жүру ережелерін білейік!» тақырыбында мектеп оқушыларымен апталық өткізді. Мақсаты. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыдарын қалыптастыру, жол ережісін білудің маңызды екенін түсіндіру болды. 

            Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Жас қыран» , «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Ұйымның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық,беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.

         Желтоқсан айында «Жасыл Ел» клубының еріктілері Тұратбек Арайлым мен Беркутова Назерке Республикалық «ЭкоАсар – марафон добрых дел» форумына қатысып, «Жыл волонтері» төсбелгісіне ие болды. Клубтың арнайы зертханасы (эколаборатория) бар. Фракция жылдық жоспар бойынша жұмыстарын атқаруда.

        «Адал Ұрпақ» клубы І жартыжылдықта «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі», «Қылмыс пен жаза», «Бірз жемқорлыққа қарсымыз!» , «Адал ұрпақ – адал жол» тақырыптарында іс-шаралар өткізіп, клуб мүшелері жиындар өткізеді. «Адал ұрпақ» фракциясының парақшасы: https://www.instagram.com/adal_yrpaq_club/  

                Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы бойынша «Мейірім» клубы құрылды. Клуб мүшелерінің жұмыстары туралы ақпарат https://www.instagram.com/psychological49school/ парақшасына шығады. Педагог-психологтар мен клуб мүшелері құрылған жылдық жоспар бойынша   іс-шараларды өткізуде. 

               Дебат клубының мақсаты мен міндеттері: дарынды және бастамашыл жастарды дамыту; қоғамның әлеуметтік және саяси бағытталған азаматтарын қалыптастыру; клуб мүшелерінің сыни ойлауын, шешендік шеберлігін, коммуникативті дағдыларын дамыту; қоғамның назарын колледждің, қаланың, аймақтың, елдің, әлемнің ең өзекті мәселелеріне аудару және әр түрлі деңгейдегі басшылармен іскерлік байланыс орнату; талқыланған мәселелерге қатысты іс жүзінде жүзеге асырылатын ымыралы шешімдерді әзірлеу; шығармашылық кәсіби тұлғаны, даралықты, клуб мүшелерінің өз көзқарастарын қорғай білу, басқаларды сендіру, сондай-ақ өз қателіктерін мойындай білу қабілеттерін еркін дамыту. Дебат клубында  Дебаттық шаралар-“ҚР 30 жылдығы”,“КОВИД 19 дерті”“Жастар қауымы”“Медициналық жағдаяттар”“Мемлекеттік жаңалықтар”легі қарастырылды. Ораторлар қалалық, облыстық турнирларға қатысып, бақтарын сынауда. 

         Мектеп парламенті фракция мүшелерін таңдауда оқушылардың қызығушылықтары мен жеке қабілеттеріне баса назар аударылады. Нәтижесінде сабақтан тыс, қоғамдық жұмыстарға араласып жүрген оқушылар саны артуда.Фракция мүшелері қалалық байқаулар мен жарыстарға белсене қатысып отырады.  

            Мектеп Президенті- Болатқызы Дильназ бен Ұланбасы -Оралбекова Дильназ  желтоқсанда "Тәуелсіздік.Білім. Елдің болашағы" тақырыбында қалалық Жас Ұлан" ББҰ өткізген дөңгелек үстелге қатысты, Болашаққа ұмтылған жас ұрпақ» 2022 жылғы 30 наурызда Бiлiм белiмiнiң басшысы Наталия Анатольевна Фесенко оқушылардың өзiн-өзi басқару көшбасшыларымен кездесуде болды.

            Тәуелсіздік күніне орай патриоттық әндер байқауы онлайн форматта өтті. 5-6сыныптар байқауға белсене қатысты. Әр сыныптың бейнежазбасы белсенділер парақшасына салынып, марапатталды.

            Мектеп Парламенті мүшелері орталық алаңда Жастар мен балалардың шығармашылық сарайы ұйымдастырған Жаңа жыл мерекесіне қатысып, мектепті безендірді. 

            Қаңтар-ақпан айларында "Зиянды әрекеттерге жол жоқ!", "ЖЖЕ балалар көзімен","Человек природе друг - пусть узнают все вокруг" тақырыптарында  акциялар ұйымдастырылды. Оқушылар үзілісте сауалнамаға жауап беріп, сурет, постерлар салды. Оқушылардың жұмыстары арнайы тақтаға ілінді, тізілісте марапатталды.  

         Мейірім фракциясы 9-сыныптар арасында «Өмір, сен маған қымбатсың!» тақырыбында акция өткізілді. 9-сынып оқушылары өз көзқарастарын бейнежазбаға түсіріп белсенділер парақшасына жіберді. 

            Наурыз айында Алғыс айту күні, 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні, Ұлыстың Ұлы күні тойланды. Мереке күндерінде арнайы суретке түсетін фотоаймақ жасалды. Ерекше құттықтаулар болды. 22 наурыз «Батаменен ел көгерер» челленджі ұйымдастырылды. Оқушылар марапатталды.

            12 сәуір – ғарышкерлер күніне орай парламент «Мен ғарышкер боламын!»   тақырыбында суреттер мен макеттер байқауын өткізді. Байқауға 100ден аса жұмыстар қабылданды. Оқушылардың барлығы марапатталды.

            Жыл бойы дәстүрге айналған «Мектеп аруы» байқауы өткізілді. Байқауға 6-7 сынып бұрымдылары белсене қатысты. Байқау бірнеше кезеңннен өтті. Әр кезеңге оқушылар ерекше дайындықпен келгендері байқалды. «Мектеп аруы -2022» байқауы жеңімпазы Садыканова Нұрай болды. Әр оқушы дипломдар мен арнайы сыйлықтармен марапатталды. 

            Сонымен қатар бастауыш сыныптары арасында «Біз бейбіт елді қолдаймыз!» тақырыбында би фестивалі өтті. Әр сынып тақырыпқа сай флэшмоб биледі. Бас жүлдені 2б сынып, сынып жетекшісі Ахметкалиева Б.Н. иеленді.

            7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай 5-сыныптар арасында «Жігіттің төресі» байқауы өтті. Байқау кезеңдері: таныстыру, өнерлері, спорттық сайыс, қолөнер сайысы. Жеңімпаз Серікказин Есдәулет жігіттің төресі атанды.

            Жыл бойы мектебімізде «Адал дүкен» жұмыс жасады. Жобаның басты мақсаты – қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру және оқушыларға өздерін жақсы, адал адам ретінде тануға мүмкіндік беру.

«Адалдық  дүкенінде» мұғалімдер мен оқушылар  өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысатын болады.  Яғни, сатушысы жоқ дүкенде затты сатып алушылар өздеріне қызмет көрсетпек. Сауда орнының басты ерекшелігі де осында, яғни сатып алушылар өзіне тек адалдық принципі бойынша қызмет көрсетті. Мұндай жобаны жүзеге асыру оқушылардың тәрбиесі мен адалдығын арттыруға бағытталып отыр. Осылайша, бұл мекен оқушылардың  әлеуметтік жауапкершілігін шыңдайтын орынға айналмақ. Сондай-ақ, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті» қалыптастыруға әсер ететін нысан болып табылады. 

            Мектеп Парламентінің Президенті Болатқызы Дильназ бен ақпарат министрі Секенова Жібек қалалық әлеуметтік жобаны қорғап, І орын иеленді. Белсенділер мектептің ақпараттық жаңалықтар студиясын ашты. Әр эфир сенбі күні ютуб арнасында шығып отырады. Кастинг арқылы мектеп журналистері анықталды. 

            Жастар мен балалар шығармашылық сарайының жылдық қорытынды концерті өтті. Қалалық "Мектеп Парламенті" рейтингі бойынша І орын. «Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік!»байқауы «Үздік бейнеролик» номинациясымен марапатталдық. Мектеп Президенті Дильназ бен Ұланбасы Дильназ белсенділер сертификатымен марапатталды.

 


Мектеп Парламенті жетістіктер:

1. Қалалық «Құстарға жем беру» акциясына қатысқаны үшін. Жас Ұлан ұйымы.

2. Республикалық «ЭкоАсар – марафон добрых дел» конкурсы.Тұратбек Арайлым, Беркутова Назерке. «Волонтер года» төсбелгісі.

3. Қалалық «Құттықтау букеті» сайысы. ІІІ орын.

4. «Елбасы медалі» жобасы. Ғылманов Дәуренбек. Қола медаль.

5. «Біз Дарынбыз» байқауы. Қатысқаны үшін.

6. Қалалық әлеуметтік жобалар байқауы. Болатқызы Дильназ, Секенова Жібек.  І орын.

7. Қалалық «Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік!» байқауы. «Үздік бейнеролик» номинациясы.

8. Қалалық жастар мен балалардың шығармашылық сарайы грамотасы. Болатқызы Дильназ, Оралбекова Дильназ.

Аға тәлімгер жетістіктері:

  1. ШҚО ББ «Құрмет грамотасы
  2. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысының Республикалық «Айбын» ойындарына дайындағаны үшін грамота
  3. Семей қаласы бойынша ББ ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай грамота.
  4. Республикалық «ЭкоАсар – марафон добрых дел» конкурсы. Алғыс хат.
  5. Қалалық «Мектеп Парламенті қызметінің тиімділігі» рейтингісі. І орын.
  6. "Жазғы мектеп жанындағы лагерь жұмысын ұйымдастыру жөнінде" семинар-практикум сертификаты.


\
 
2022-2023 оқу жылына ұсыныс:

  1. «Асыл Әже», «Шамшырақ» ата-аналар клубымен Мектеп Парламентінің өзара іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастыру;
  2. Қамқорлық кеңес пен Педагогикалық кеңестерге фракция мүшелерін тақырыпқа сай қатыстыру;
  3. Мектепішілік рейд жұмыстарын жандандыру;
  4.  «Белсенді24» ақпараттық фракциясы арқылы Мектеп Парламенті жұмысын цифрландыру.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Мекен жайымыз
Семей қаласы, Ұшақтар 1а

©2016-2025, Ресми сайт Семей қаласы білім бөлімінің "№49 жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722