"Жас Ұлан" ұйымының І жартыжылдық есебі. 2019-2020
2019-2020 оқу жылының қыркүйек айында «Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы сайлауы өтті. Сайлаудың бірінші кезеңіне 19 үміткер қатысып мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары Зайытов А.Р. пен мектеп психологтары Айтбаева Ж.А., Рысбаева Д.А.мен сұхбат өткізді. Сұхбаттан Ғылманов Дәуренбек, Ермекқызы Ажар, Хаметова Балауса сүрінбей өтіп, сайлауға түсті. Сайлау қорытындысы бойынша 9 «а»-сынып оқушысы Ермекқызы Ажар мектеп Ұланбасы болды.
22 қыркүйек Тілдер мерекесіне орай «Тілім – тірегім» салтанатты тізіліс өткізілді. Оқушылар әдеби-монтаж оқып, қазақ тілі пәні мұғалімі Бакирова Гүлден Мұратхановна баяндама оқыды.
1 қазан «Қарттар күніне» орай «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында «Жас Ұлан» ұйымының белсенділері мен мектеп өнерпаздары қалалық «№2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығына» барып, қарттарды құттықтап қайтты.
Ұстаздар қауымын «Ұстазым менің, ұстазым» тақырыбында белсенділер мен 10,11-сынып оқушылары мерекелік көңіл-күймен қарсы алды.
Қазан айында аймақтық «Жайдарман» ойындарына оқушыларды іріктеу мақсатында мектепішілік «Көңілді тапқырлар» ойыны өткізілді. Ойынға 9 команда қатысып, 9 «а»-сынып оқушылары жеңімпаз атанды.
5,6,7-сыныптарда «Алтын күз» сайысы өтті . Барлық сыныптар белсене қатысты. Сайыс үш кезеңнен тұрды. І кезеңде оқушылар өздерін таныстырды. ІІ кезеңде әр команда өнерлерін көрсетті. ІІІ кезеңде командалар сән үлгісін көрсетіп, көрермедерді таң қалдырды.
8,9,10-сыныптар арасында «Күз балы» өтті. Оқушыларға «Жас Ұлан» ұйымы ұйымдастырған ойындар мен арнайы бағдарлама қойылды. Әр сыныптан жұптар би биледі. Әділ-қазылар алқасы ең үздік жұпты анықтап марапаттады.
«Жас Ұлан» ұйымы бастауыш сыныптарға көрме ұйымдастырды. Көрмеге 22 сынып қатысты.
«Тарлан» отряды жоспар бойынша жолға шығып оұушылардың жаяу жүргіншілер жолымен өтулерін қадағалап, жол ережесін бақылады.
«КомЮс» квн командасы аймақтық жайдарман ойынының «Маусымашар» фестиваліне қатысты.
Қалалық «Cheerleading-2019» билер сайысына 7-сынып оқушылары қатысып, марапатталды.
«15 қараша – Ұлттық валюта күніне» орай Ұланбасы орынбасары ғылманов Дәуренбек «Жас сараз» мамандандырылған сыныптары арасында интеллекталды сайыс өткізді. Оқушылар сайысқа елсене қатысып мақтау қағаздарымен марапатталды. Сайыстың мақсаты: сыныптар арсындағы ұйымшылдықты арттыру. Ұлттық валюта – теңге туралы білімдерін кеңейту.
Қараша айында Ұланбасы Ермекқызы Ажар «Жас Ұлан» ұйымының журналының алғашқы санын шығарды. Журналда І тоқсанда болған жаңалықтар мен оқушылардың жетістіктері шықты.
Жас Ұлан белсенділері қаламыздың 115 жылдық тарихы бар «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің» студенттер парламентінің президенті Жұмақанов Қазез ұйымдастырған «Мен – болашақ көшбасшымын» тренингіне қатысты. Тренинг мақсаты: тәжірибе жинатау, мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын өз деңгейіне көтеру. Оқушылар Қазезге көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, оқушылардың бойындағы лидерлік қасиеттерін аша отырып, қазіргі уақытта жас буынды мектеп өміріне араластыру мәселелерін қарастырады. Белсенділер тренингтен үлкен әсер алды.
5-6 сыныптарға «Жас Ұлан» ұйымы «Жолда жүру ережесін сақтайық!» тақырыбында жас жол инспекторлары сайысын өткізді. Әр отряд 3 кезеңге дайындалды. 1. Саптық байқау. 2. Үгіт бригадаларының көрінісі; 3. Тест сұрақтарына жауап берді.
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау өтті. 5 оқушы қалалық деңгейде қабылданса, 38 оқушыға мектеп директоры мен салтанатты тізіліс қонақтары галстук пен төсбелгі тақты.
5 желтоқсан «Жас Ұлан» ұйымының белсенділері ақын, ҚР мемлекетттік сыйлығының иегері, Шәкәрім университетінің құрметті профессоры Тыныштықбек Әбдікәкімовтың «Ақындық өнер» білім бағдарламасы бойынша «Өлкетану –жантану» ашық дәрісіне қатысты.
16 жетоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастырушысы Молдажанова Аружан «Тәуелсіз ту астында» патриоттық әндер байқауын өткізді.
Желтоқсан айында «Жас Ұлан» ұйымының спорт көшбасшысы Әбілқанов Думан «Шыңықсаң шымыр боласың» тақырыбында үстел теннисінен сайыс ұйымдастырды.
«Жас Ұлан» ұйымының Ұланбасы Ермекқызы Ажар белсенділер жиынына қатысты.