өткен іс-шаралар
2021-2022 оқу жылындағы 1 тоқсан бойынша 1 «А» сынып оқушыларымен атқарылған тәрбие жұмысының есебі
Сыныпта барлығы 24 оқушы бар. Оның ішінде ұлдар-14, қыздар-10.Сыныптағы барлық оқушылардың қай жерде тұратындығы, жалпы отбасылық жағдайларының қандай екендігімен танысу мақсатында қыркүйек айында үйлерін аралап шықтым.
Жыл басында 2021- 2022 оқу жылының тәрбие жұмысы жоспары жасақталып, жас ұрпақтың бойында азаматтық және патриотизмді қалыптастыру мақсатында іс шаралар ұйымдастырылды.
1қыркүйекте сыныбымда «Қош келдің, Әліппе! » атты сынып сағаты өтті.
Ұстаздар күніне байланысты мектепішлік «Ұстазым үлгі өнеге, ұлағатым» атты кешке концерттік нөмірмен қатысты.
Сынып оқушыларының тәртібін, сабаққа деген ынталарын,үй тапсырмаларын қаншалықты орындайтындықтарын бақыладым. Бақылау кезінде оқушылардың оқу барысында жіберген қателіктерін дер кезінде байқап,оларға ескертулер айтып отырдым. Себебі, оқушылар мен ата-аналарда осы уақытқа дейін бұл дағды қалыптаспаған. Жыл басынан әр аптаның сенбі күндері жоспар бойынша сынып сағаттарын өткіздім. «Мектептің ішкі тәртіп ережелері» таныстыру сабағы.Жол көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған шаралар, «Қалдықтарды сүрыптай білейік!» экологиялық бейнетаныстырылым, «Кітап-алтын қазына» жобасы, «Хобби әлемі» қосымша білім беру ұйымдары ұсынатын топтармен, клубтармен, студиялармен, үйірмелермен танысу, «Салауатты минуттар» көз жаттығуларын үнемі жүргіземін, «Күзгі шабыт» көрмесіне қатысық. Марапаттау қағаздарына иелендік. «Менің сүйікті ұстазым» мерекелік сурет көрмесін ұйымдастырдым.
Тоқсан қорытындысында сынып оқушылары үлгерімі жақсы тәмәмді.
1 «А» сынып жетекшісі: Рахатқызы Сауле
2021-2022 оқу жылында 2 «В» сыныбында 22 оқушы болды. Оның 8-і қыз бала, 14-і ұл бала.Сыныпта 3 үздік, 7 оқу екпіндісі бар. Сынып оқушыларын жан-жақты тәрбиелеуде мынадай тәрбиелік іс-шаралар өткізілді.
2021-2022 оқу жылы қарсаңында 2 «В» сынып оқушыларына «Қазақстан жетістіктері» атты тәрбие сағаты өткізілді
- Мақсаты: Оқушыларға өз Отанын сүйуге, құрметтеуге, ұлтжандылыққа баулу.
Денсаулық күніне байланысты мектепшілік сайысқа қатысты
- Мақсаты: Оқушыларды спорт денсаулық кепілі аясында дені сау ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
Кыркүйек айында сынып оқушылары күздің кереметі тақырыбында жасаған қолөнерлері. Сынып ішінде жасағандары және мектепішілік көрмеге жасалған қолөнерлері
- Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Көшеде жүру ережесіне байланысты «Жол ересесін білесің бе?» атты тәрбие сағаты өткізіді.
Мақсаты: жол белгілерін ажырата алу, сақтық шараларын білу.
Қазақтың рухани қазынасы , қазақ халқының мәдениетін ұмытпау мақсатында «Ұлттық аспаптар» жайында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: ұлттық салт-дәстүрді, ұлттық рухымызды дәріптеу мақсатымыз. Балалардың патриоттық сезімін дамыту.
Оқушылыарымның этикалық, эстиетикалық тәрбие бере отырып, көркем еңбек сабақтарында қол еңбегімен жасалған бұйымдарын дәріптеу.
Мақсаты: Оқушыларды татулыққа, еңбек сүйгіштікке баулу.
Мектеп кітапханасына «Ертегілер елінде» тақырыбында саяхатқа шығып , Ыбырай Алтынсаринның әңгімелерімен таныстық
Мақсаты: Оқушыларды әдеби шығармаларға баулу, кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту.
Тоқсан соңында оқушыларды сабаққа қызығушылықтары арта түсу мақсатында көркем жазу және оқу шапшаңдығы жоғары оқушыларды арнай мақтау қағазы мен сыйлықтармен марапаттадым.
Мақсатым: Алдағы уақытта балалар талпынып оқыса, алмай қалған оқушылар келесі тоқсан тырысып оқыр деген мақсатпен істелег жұмыс.
Күзгі демалыс кезінде оқушылармен Абай атындағы драма театрына сахаттап қайттық. Онда оқушылар «Ойыншықтар» атты қойылымды тамашалады. Балаларға қойылым өте жақсы әсер алып қайтты.
«№49 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің
1 «В» сынып оқушыларымен І-тоқсанда жүргізілген тәрбие жұмысының есебі
1 «В» сыныбының тәрбие жұмысы оқу жылының басында құрылған жоспар бойынша атқарылды. Тәрбие жұмысының басты мақсаты оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.
Сынып оқушыларын адалдыққа, еңбекке, өз Отанын құрметтеуге тәрбиелеу, жан-жақты, мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында тәрбие жұмысы 8 бағыт бойынша жасалды.
Тоқсан басында 1 «В» сыныбында 23 оқушы болды. Олардың 10-ы ұл бала, 13-і қыз балалар.
1-қыркүйек күніне орай «Кел, балалар, оқылық!» атты сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты: оқушыларды «Алғашқы қоңырау» мерекесімен құттықтап, еліміздің жетістіктерімен таныстыру.
Қыркүйек айында оқушыларды кітапханамен таныстыру мақсатында, «Кітап – біздің досымыз» атты сынып сағаты өткізілді.
«Жол ережесін білейік, аман есен жүрейік» атты жол ережесіне байланысты сынып сағаты өтті.
Қазан айында «Қарттарым – алтын қазынам» тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушылармен топтық жұмыста түрлі тапсырмалар орындалды.
Қазан айында оқушылардың арасында «Алтын күз» тақырыбында мектепішілік қол-өнер бұйымдарын жасау сайысы өтті. Оқушылар сайысқа белсенді қатысып, І,ІІ орын дипломадарымен марапатталды.
Оқушылармен қоңырау уақыттарында бос уақыттарын ұйымдастыру мақсатында, сергіту сәттері де жүргізіліп отырады.
Күзгі демалыс уақытында оқушылармен «Абай» театрына бардық. Театрда «Ойыншықтар» атты қойылымды тамашалады.
Оқушылармен тәрбие жұмыстың тағы бір жұмысы ата-аналар жиналысы. Ата-аналар жиналысыZOOM платформасы арқылы қашықтықтан өткізіліп отырды.
Ұсыныс:
- Сынып ішінде оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын жақсартуға жұмыстар жүргізу.
- ІІ-тоқсанда ата-аналармен жұмысты нығайту.
Сынып жетекшісі: Хайдарова Д.К.
«№ 49 жалпы орта білім беретінмектеп» КММ
2021-2022 оқу жылындағы тәрбие жұмысына талдау
І тоқсан
1 «Б» сынып жетекшісі: Макебаева М.С.
2021 – 2022 оқу жылында 1 «Б» сыныбында 23 оқушы бар. Оның 12-і қыз, 11-ы ұл бала.
Кластың өзекті тақырыбы: Оқушыларды тәрбиелеуде халық педагогикасын насихаттай отырып, өзін-өзі басқаруға, жеке тұлғаны баулу, әлеуметтенген еркін тұлға тәрбиелеу.
Тәрбие барысынды оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға, оқушылардың білімін жетілдіруге көп көңіл бөлінді. Қоғамдық пайдалы еңбекке араластыру, өнерге баулу, сабаққа үнемі және толық қатысуы қадағаланды. Оқушылардың оқу, тәрбие процестеріндегі кемшіліктерін дер кезінде ескертіп, шара қолданып отырды.
I тоқсанда жоспарланған тәрбие сағаттары жүргізілді:
«1қыркүйек-Білім күні» Біріңғай сынып сағаты өтті. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл», «Тәуелсіздік жетістіктері»атты танымдық тәрбие сағатында оқушыларға туған елдің қадірі туралы түсінік беріліп, Отан сөзіне топтастыру тапсырмалар орындатылды. Оқушыларға мәтін оқылып, сол бойынша түсініктерін айтып,тақырып бойынша мақал-мәтелдер ашылып, талданды.
«Жолда жүру әліппесі» түсіндірме сағат жүргізілді. Жол ережелері түсіндіріліп, іс-әрекеттер жүзінде көрсетілді.
«Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте» тіл мерекесіне байланысты тәрбие сағатында оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғу жайында түсінік берілді, өлеңді мәнерлеп жатқа айту жарыс түрінде өтті.
«Қарттарым асыл қазынам» сынып сағатында«Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Осы тақырыпта мақал-мәтел жарысы өтті.
Қазан айында оқушылар мектепішілік «Алтын күз» қолөнер байқауына қатысып дипломмен марапатталды.
Ата-аналармен тығыз байланыста болып, оқушылардың оқу тәрбие процесіндегі кемшіліктерін ескертіп, сәйкес жұмыстар жүргізілді. Ата-аналар жиналысы уақытында ұйымдастырып өткізілді.
Күзгі каникул кезінде балалар мен ата-аналар Абай театрында «Ойыншықтыр» ертегісі қойылымын тамашалады.
Отчёт по воспитательной работе
в 4 «В» классе за 1 четверть 2021-2022 уч.года.
Воспитательная работа в4 «В» классе в 1 четверти велась по плану, утвержденному директором школы.
Основной целью является формирование и раскрытие творческой индивидуальности личности каждого ребенка.
Воспитательный процесс с детьми строился по 8 направлениям.
В классе 17 учащихся: 8девочеки 9 мальчиков.
1 сентября в День знаний был проведен тематический классный час по теме: «Достижения Независимости»
Цель классного часа: познакомить учащихся сдостижениями РК за 30 лет Независимости.
Всентябре была проведена беседа «Книга-мой лучший друг», после чего ребята посетили нашу школьную библиотеку.
Такжже всентябре был проведён классный час «Знай правила движения как таблицу умножения» на котором была проведена викторина по ПДД.
3 октября была проведена беседа «Пожилые люди рядом с нами», проведенная с целью воспитания уважительного отношения к старшему поколению, способствованию преемственности в семейном воспитании.
Воктябре среди учащихся был проведен конкурс поделок на тему «Золотая осень», на котором ученики приняли активное участие и заняли призовые места (Алтынбекова Дария 1место, Кандауров Руслан 2 место, Мағжан Дарина место)
Также на осенних каникул дети вместе с родителями посетитили театр Абая.
Рекомендации:
- Во 2 четверти необходимо улучшить работу с родителями.
- Вести строгий учёт пропусков учащимися учебных занятий. По каждому пропуску беседовать с родителями.
- Продолжить работу по сплочению классного коллектива.
- Развивать нравственную самооценку учащихся, готовить их к самовоспитанию и самоанализу.
Кл. рук.: Сыдыкова Г.Б.
2021-2022 оқу жылындағы 1 тоқсан бойынша 3 «В» сынып оқушыларымен атқарылған тәрбие жұмысының есебі
Сыныпта барлығы 23 оқушы бар. Оның ішінде ұлдар-14, қыздар-9.Сыныптағы барлық оқушылардың қай жерде тұратындығы, жалпы отбасылық жағдайларының қандай екендігімен танысу мақсатында қыркүйек айында үйлерін аралап шықтым.
Тәрбие барысынды оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға, оқушылардың білімін жетілдіруге көп көңіл бөлінді. Қоғамдық пайдалы еңбекке араластыру, өнерге баулу, сабаққа үнемі және толық қатысуы қадағаланды. Оқушылардың оқу, тәрбие процестеріндегі кемшіліктерін дер кезінде ескертіп, шара қолданып отырды.
Жыл басында 2021- 2022 оқу жылының тәрбие жұмысы жоспары жасақталып, жас ұрпақтың бойында азаматтық және патриотизмді қалыптастыру мақсатында іс шаралар ұйымдастырылды.
«1қыркүйек-Білім күні» Біріңғай сынып сағаты өтті. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл», «Тәуелсіздік жетістіктері»атты танымдық тәрбие сағатында оқушыларға туған елдің қадірі туралы түсінік беріліп, Отан сөзіне топтастыру тапсырмалар орындатылды. Оқушыларға мәтін оқылып, сол бойынша түсініктерін айтып,тақырып бойынша мақал-мәтелдер ашылып, талданды.
«Жолда жүру әліппесі» түсіндірме сағат жүргізілді. Жол ережелері түсіндіріліп, іс-әрекеттер жүзінде көрсетілді.
«Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте» тіл мерекесіне байланысты тәрбие сағатында оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғу жайында түсінік берілді, өлеңді мәнерлеп жатқа айту жарыс түрінде өтті.«Қарттарым асыл қазынам» сынып сағатында«Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Осы тақырыпта мақал-мәтел жарысы өтті.
Қазан айында оқушылар мектепішілік «Алтын күз» қолөнер байқауына қатысып дипломмен марапатталды.
Денсаулық күніне байланысты мектепшілік сайысқа қатысты
Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай Мектеп Парламенті ұйымдастырған мәнерлеп оқу сайысына қатысып, жүлделі орындар алды.
Күзгі демалыс кезінде оқушылармен Абай атындағы драма театрына сахаттап қайттық. Онда оқушылар «Ойыншықтар» атты қойылымды тамашалады. Балаларға қойылым өте жақсы әсер алып қайтты.
Сынып жетекшісі: Науханбекова Б.Д