28
декабрь
2022
Жас Сарбаз сыныптары 44736 әскери бөліміне ашық есік күніне барды
27.12.2022 күні "Жас сарбаз" 7 "а" және 8 "ә" сынып оқушылары 44736 әскери бөліміне ашық есік күніне барып болашақ жас - өспірім буынды патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында "Қазақстан Республикасы Қарулы күштері иминджін" көтеру және "Жоғарғы оқу орындарына түсу" бойынша түсіндірмелі сабақ өткізілді. Оқушылар алдымен казармадағы үй жайларда болып, жауынгерлердің күн тәртібімен танысты. Ақпараттық тәрбие жұмысы бөлмелері көрсетіліп, офицерлер мен сержанттар түрлі қару түрлерімен және ұрысты жүргізуге арналған құрылғылармен таныстыру сабағын өткізді. Шара соңында 44736 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Е.Кошкаров болашақ Отан қорғаушыларына әрдайым алға қойған мақсаттарына қол жеткізуді, оқуда және спортта жеңіске жетуді, салауатты өмір салтын ұстануды, өз елінің патриоты болуды тіледі.


















