Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№49 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 42-67-68
Есепші бөлімі::
+7(7222) 42-67-69
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№49 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №49"

15
апрель
2022

Апталық есебі

2021-2022 оқу жылындағы 11.04.22 – 15.04.22 аралығында  математика, информатика және физика апталығының

«Арифметика- математиканың, ал математика- барлық   ғылымдардың патшасы»

атты апталық атты апталығының қорытындысы

Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талданды және бекітілді.                                

Апталықтың мақсаты: 

-оқушылардың пәнге қызығушылығын, олардың танымдық ізденістерін ояту;

-логикалық ойлау қабілеттерін пәнге деген ынтасын, белсенділігін арттыру;

-пән бойынша білімдерінің  жүйелі болуын қамтамасыз ету. 

Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, викториналар, сыныптан тыс іс-шаралар. 

МИФ ӘБ мұғалімдері әр сыныпқа кіріп, оқушыларға  апталықтың басталғаны туралы хабарлама айып, жоспармен таныстырып өтті. Апталықта өткізілген іс-шаралар 5-11 сыныптар арасында математика, информатика және физика пәндері бойынша  өтті.

Бірінші күні: 11.04.22  күні апталықтың ашылуы болды. 1-этажда математика, информатика және физика пәндерінің мұғалімдері оқушылардан сұрақ-жауап алу арқылы апталықтың шымылдығын  ашты. Дұрыс жауап берген оқушыларға сыйлықтар берілді. Осы күні сағ.10.50 информатика пәнінің мұғалімі Кумпейсова Г.Б. 7 «Ә» сыныбында ашық сабақ болып өтті.

Екінші күні: 12.04.22 күні математика пәнінен сайыс ғарышкерлер күніне арналған «Лего конструктор» 5,6 қазақ сыныптары арасында   сыныптан тыс іс-шара болып өтті. Жауапты мұғалімдер: Оспанов А.Д. Тағы осы күні физика пәнінен сайыс «Ғажайып алаң» болып өтті. Жауапты адамдар: Букабаева А.Т. Сайысқа оқушылар белсене қатысып жүлделі орындарға ие болды. Сайыстың қорытындысы бойынша 1-орын  8 «Ә» сынып оқушылары, 2-орынды 8 «Б» сынып оқушылары, 3-орынды  8 «Д» сыныбы иеленді. 

Үшінші күні: 13.04.22 математика пәнінен 9 «Б» сыныбында ашық сабақ болып өтті, тақырыбы: «Шеңбер және дөңгелек». Жауапты мұғалім: Мұхаметсадық Н.К. Сонымен қатар осы күні сыныптан тыс іс-шара «Математика, информатика, физика пәндері бойынша квест» ойыны   7-сыныптар арасында болып өтті. Жауапты мұғалімдер: Аскерханов Е.С Абеуова М.А.

Төртінші күні: 14.04.22 Математика пәнінен ашық сабақ, тақырыбы: «Қозғалыстың орташа жылдамдығын табуға есептер шығару».  6 «В» сыныбында,  сағ 14.15 болып өтті. Жауапты мұғалім: Назарбекова А.С. Осы күні информатика пәнінен сайыс Сабақтан тыс іс-шара: 3D модельдеу бойынша 9-11 сыныптар арасында сағ 14.15-те болды  Жауапты мұғалім: Каршикенова А.Б.

Математика пәнінен «Логика қайда?» атты сайыс 10-11 сыныптар арасында сағ 13.20да  өтті. Берикканов Р.Е, Толеужанов Б.Д, Аскерханов Е.С.

Бесінші күні:  15.03.22 күні математика  пәнінен 9 «Г» сыныбында  09.50де   ашық сабақ болды. Тақырыбы: «Тригонометрия формулалары» . Ашық сабақ жалпы жақсы деңгейде өтті. Оқушылар сабақ барысында топтық, жұптық жұмыстар жасады. Сабаққа қызығушылықпен ат салысты. Осы күні лездеме өткізіліп, жеңімпаз оқушылар мақтау грамоталарымен марапатталды.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың өзіндік ой өрісін дамытуға, пәнге деген  қызығушылығын арттыруға үйретеді; оларды өз беттерінше жаңа ғылымның жетістіктерін үйренуге жетелейді. Бос уақыттарын дұрыс пайдалануға талпындырады, шығармашылық қабілеттерін арттырады. Болашақта дұрыс мамандық таңдауға көмегін тигізеді деп ойлаймын.

Қорытынды: Апталықта кейбір физика (7,9 сынып) пәнінен жоспарланған іс-шаралар Тукешов М.Д жұмыстан босатылуына байланысты өтпей қалды. Қалған жоспарланған іс-шаралар уақытында өтті. Сыныптан тыс іс-шараларға және ашық сабақтарға   оқушылар белсене қатысты. Соңғы күні апталықтың қорытындысы өткізілді. Сайыстардың жеңімпаздары арнайы грамоталармен,сыйлықтармен марапатталды. 

Ұсыныс: Оқушылардың апталық аясында өтетін шараларға белсенді қатысуын қамтамасыз ету мақсатында қызықты шаралар ұйымдастыру. Әсіресе орта буындағы сыныптарды, оның ішінде орыс сыныптарына көбірек көңіл бөлу керек. Сынып жетекшілермен тығыз байланыста болу.



Похожие публикации:

28 апрель 2022 Апталық есебі
18 октябрь 2021 Апталық есебі
03 февраль 2020 Неделя ЕЦ
17 январь 2020 МО МИФ
13 ноябрь 2018 Отбасы күні
Мекен жайымыз
Семей қаласы, Ұшақтар 1а

©2016-2025, Ресми сайт Семей қаласы білім бөлімінің "№49 жалпы орта мектебі" КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722