"1 наурыз - алғыс айту күні"
Алғыс айту күні – қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты бірге көтеріп, мемлекет басшысының жетекшілігімен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күні.
Мерекенің басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этникаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту.
Мектебімізде «Алғыс айту» күні жыл сайын тойланады. Мектебімізде әр ұлт өкілдерінің достығы мен бірлігін нығайту мақсатында ғана емес, оқушылар ұстаздарға деген ізгі тілектері мен алғыстарын білдіреді. «Алғыс айту» күні таңертең лездемеден басталып, үзіліс уақытында «Жас Ұлан» ұйымы ұстаздарға «Тәтті тілектер» таратты. Оқушылар бір-біріне «Достық жібін» байлады. «Алғыс айту» күнінің мәнін білу үшін викториналық сұрақтар қойылды .





