0 дік көрсеткіш
«№49 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Оқушылар арасындағы құқықтық тәртіптің бұзылуына нөлдік төзімділік
(бірегей 7,8,9 сынып оқушылыарына сынып сағаты)
aidos.zaitov@yandex.kz
2020-2021 оқу жылы
Тақырыбы: Оқушылар арасындағы құқықтық тәртіптің бұзылуына нөлдік төзімділік.
Мақсаты:
- Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.
- Оқушылар арасында құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» ойын қалыптастыру.
Сынып сағатының барысы:
- бөлім. Кіріспе (сынып жетекшісінің кіріспе сөзі).
- бөлім. «Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру» тренинг.
- бөлім. «Соңғы сөзді мен айтайын ...» рефлексия.
- бөлім. Қорытынды (сынып жетекшісінің қорытынды сөзі).
І бөлім.
Бүгінгі сынып сағатының тақырыбы “Оқушылар арасындағы құқықтық тәртіптің бұзылуына нөлдік төзімділік” деп аталады. Қазіргі таңда оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың көбеюі баршамызды алаңдатып отырғаны сөзсіз. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін оқушылар арасында құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» орнатуымыз керек.
Құқықтық тәрбие берудің негізгі мақсаты – оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу. Құқықтық мәдениеті дамыған тұлға – құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болады. Оқушыларға құқықтық тәрбие беру арқылы өз құқықтарын пайдаланып, азаматтық міндеттерін орындай отырып қоғамда өмір сүруге, заңдар мен ережелерді тәжірибеде белсенді қолдана білуге үйретуге болады.
Құқықтық тәрбиені жүзеге асыруда қойылатын талаптар қандай?
Әрине, бұл – Заңдарды білу.
Бала мен ата-ананың құқықтары мен міндеттері белгіленген заңдар – бұл
- Бала құқығының Декларациясы.
- ҚР бала құқықтарытуралыЗаңы.
- ҚРКонституциясы.
- БілімтуралыЗаң.
- Неке жәнеотбасытуралыЗаң.
- Балалар құқығының Конвенциясы.
- Әкімшілікқұқықбұзушылықтуралы Кодекс.
Осы құжаттарбойыншабаланыңмынадайқұқықтары бар:
ІІ бөлім.
«Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру» тренинг.
«Иә» десеңіздер – қолдарыңызды шапалақтаңыздар.
«Жоқ» десеңіздер –аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар.
- Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламалардан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
- Құқық бұзушылықтың түрлері – ұрлық жасау,қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, бұзақылыққа бару, есірткі заттары мен психотроптық заттарды пайдалану, оқушының құқықтары мен міндеттерін орындамау, әркімнің жеке өміріне қол сұғылмау, т.б. болып табылады. Осындай құқық бұзушылық түрлері арамызда орын алмауына үлестерінді қосасыңдар ма?
- Өмірде қиын жағдайға душар болған жандарға қолдау көрсетуге, араларында болып жатқан құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» танытуға дайынсындар ма?
ІІІ бөлім.
Рефлексия “Соңғы сөзді мен айтайын…” (сынып сағаты басында таңдаған мақал-мәтелдердің біреуін пайдалана отырып, шағын әңгіме немесе суреттер арқылы оқушылар ойларын білдіреді).
Мақал-мәтелдер:
- Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер.
- Біреудің мүлкіне және өміріне қол сұқпа!
- Заңды сыйлаған еркін жүреді.
VІ бөлім. Қорытынды.
– Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция депаталады. Әрелдің, мемлекеттіңөзазаматтарынаарналғанЗаңы – Конституциясы бар. БұлЗаңдабіздіңқұқықтарымызғанаемес, міндеттеріміз де қатаржазылған. Оныңдәлеліміне, сен бүгінмектептеотырсың, сен барлықадамдарсияқтыоқуға, білімалуғақұқығың бар. Соныменқатар, сенің де міндетің де бар. Ол – сен орта білімалуғаміндеттісің. Мынаүлкенмектеп, жарық та, кеңәдемібөлме жақсы білімалып, тәртіпті, саналыазаматболып, өсіпОтаныңақызмететуіңүшінжасалған.
Азаматтар заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға хұқылы.
Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға міндеттіміз. Ол былай аталады: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы».Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенцияның 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыңыз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті».
Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың - өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру.
деп болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Біліп жүрейік!
1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні.
20-қараша – дүниежүзілік балалар күні.
10-желтоқсан – адам құқығы күні.
10.12.1948ж – адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады 1959ж – әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды.
1979ж – халықаралық балалар жылы өтті.
20.11.1989ж - БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды.
28.01.1993ж - ҚР-ның тұнғыш Конституциясы қабылданды.
08.06.1994ж – Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті 30.08.1995ж - ҚР-ның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда баяндалып, екінші рет қабылданды.
Сынып жетекшілер: Сағындыкова Қ. М
Мұхаметсадық Н.Қ
Абдрахманова А,А
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Зайтов А.Р
Мектеп инспекторы: Максутқызы А.